25 апреля 2025


«АҚ НИЕТ» МЕКТЕП-ИНТЕРНАТЫНЫҢ ТӘРБИЕЛЕНУШІЛЕРІНЕ БІРЛІК МЕРЕКЕСІ ҰЙЫМДАСТЫРЫЛДЫ

Сәрсен Аманжолов атындағы Шығыс Қазақстан университеті мен «Ақ ниет» мектеп-интернаты арасындағы меморандум аясында бірқатар білім беру және тәрбие шаралары тұрақты түрде ұйымдастырылып келеді.

Қазақстан халқының бірлігі күні қарсаңында «Dana bala» инклюзивті және үздіксіз білім беру орталығында ШҚУ-дың екінші курс студенттерінің ұйымдастыруымен «Бір шаңырақ астында» атты мерекелік интерактив өтті. Шара «Ақ ниет» мектеп-интернаттың бірінші және үшінші сынып оқушыларына Қазақстан халықтарының мәдени әртүрлілігін таныстырды.

Балаларға қазақ, орыс, өзбек, украин, неміс, шешен және түрік халықтарының ұлттық тағамдары мен киімдері көрсетіліп, ойындар ойнатылып, ән мен би тарту етілді. Мерекеге қатысқан қонақтар интерактивті тапсырмаларды қызығушылықпен орындап, өздерін көп ұлтты отбасының бір бөлшегі ретінде сезінді.