25 апреля 2025


БІЛІМ БЕРУ ГРАНТЫН ӨТЕУДЕГІ ӨЗЕКТІ ӨЗГЕРІСТЕР

С. Аманжолов атындағы Шығыс Қазақстан университетінде «Қаржы орталығы» АҚ жетекші маманы Серікқалиқызы Ақзира «Интеграция арқылы мемлекеттік органдармен грантты міндетті өтеу мониторингінің цифрлық форматына көшу» тақырыбында семинар өткізді. Іс-шараға жоғары мектеп декандары, кафедра меңгерушілері, бітіру курсының кураторлары мен түлектер қатысты.

Семинар барысында мемлекеттік білім беру грантын өтеуді бақылау тетіктеріндегі өзекті өзгерістер, сондай-ақ грантты өтеу мониторингін цифрландырудың перспективалары талқыланды.

Сондай-ақ бітіруші курс студенттерімен кездесу ұйымдастырылып, «Қаржы орталығы» АҚ өкілі грантты міндетті өтеу барысындағы ережелер мен тәртібін түсіндіріп берді.

Атап өтейік, 25 сәуірден бастап С. Аманжолов атындағы ШҚУ-да студент-түлектерді дербес бөлу жөніндегі комиссия отырыстары басталады. Бұл – түлектердің тиімді жұмысқа орналасуын қамтамасыз етуге және олардың жұмысқа орналасу жөніндегі нормаларды орындауына бағытталған университеттің білім беру саясатын іске асырудағы маңызды кезең.