25 апреля 2025


ШҚУ СТУДЕНТТЕРІ РЕСПУБЛИКАЛЫҚ ПӘНДІК ОЛИМПИАДАДА ЖҮЛДЕЛІ ОРЫН ИЕЛЕНДІ

Шымкент қаласындағы М.Әуезов атындағы Оңтүстік Қазақстан университетінде «Қоршаған ортаны қорғау және өмір тіршілігінің қауіпсіздігі» білім беру бағдарламасы аясында ұйымдастырылған «Тіршілік әрекетінің қауіпсіздігі» пәні бойынша XVII Республикалық студенттік пәндік олимпиада өз мәресіне жетті.

Аталмыш байқауға еліміздің 14 техникалық жоғары оқу орнының үздік студенттері қатысты.

Олимпиада қорытындысы бойынша С. Аманжолов атындағы Шығыс Қазақстан университетінің студенттері жүлделі II орынды иеленді. Жеңімпаз студенттер –Жанзада Ержанова және Жүрсін Абдешов. Топтың ғылыми жетекшісі – экология және география кафедрасының оқытушысы Дидар Сейітжан.

Сайыс студенттердің кәсіби даярлығын жетілдіріп, қауіпсіздік пен қоршаған ортаны қорғау саласындағы білімдерін тереңдетуге мүмкіндік берді.