25 апреля 2025


ҚАРЖЫЛЫҚ ҚАУІПСІЗДІК БОЙЫНША ҰЛТТЫҚ ОЛИМПИАДАНЫҢ ЕКІНШІ КЕЗЕҢІ ӨТТІ

Бүгін Сәрсен Аманжолов атындағы Шығыс Қазақстан университетінде Шығыс Қазақстан облысы студенттері арасында қаржылық қауіпсіздік бойынша ұлттық олимпиаданың екінші кезеңі өтті.

Екінші кезеңге бірінші кезеңде тестілеуден сәтті өткен 105 студент қатысты. Қатысушыларға 80 минут ішінде жеребе арқылы таңдалған тақырыптар бойынша эссе жазу тапсырылды.

Ең жоғарғы нәтижелерді көрсеткен студенттер Астанадағы ҚР Қаржылық мониторинг агенттігінде өтетін республикалық кезеңде Шығыс Қазақстан облысының намысын қорғауға мүмкіндік алады.