25 апреля 2025


ҰЛАН АУДАНЫНЫҢ БАЛАЛАР МУЗЫКА МЕКТЕБІМЕН МЕМОРАНДУМ

Сәрсен Аманжолов атындағы Шығыс Қазақстан университеті Ұлан ауданының Балалар музыка мектебімен ынтымақтастық туралы меморандумға қол қойды. Құжат мектеп пен университет арасындағы оқу-әдістемелік және ғылыми-шығармашылық байланысты нығайтуға бағытталған. 

Тараптар еңбек нарығында сұранысқа ие, бәсекеге қабілетті мамандарды даярлау мәселелерін талқылады. Бұл ынтымақтастық білім беру мен кәсіби дамуды қамтамасыз ету үшін жаңа мүмкіндіктерге жол ашады.