25 апреля 2025


AMANZHOLOV UNIVERSITY СТУДЕНТТЕРІ БИОЛОГИЯ ПӘНІ БОЙЫНША РЕСПУБЛИКАЛЫҚ ОЛИМПИАДАДА I ОРЫНДЫ ЖЕҢІП АЛДЫ

Сәрсен Аманжолов атындағы Шығыс Қазақстан университетінің студенттері биология пәні бойынша Алматыдағы Абай атындағы Қазақ ұлттық педагогикалық университетінде өткен XVII Республикалық студенттік пәндік олимпиадада жеңіске жетті.

Болашақ биологтар жоғары деңгейдегі дайындықтарын көрсетіп, ел бойынша 19 жоғары оқу орнынан қатысқан командалар арасында I орынды иеленді.

Олимпиада білім алмасу, кәсіби даму және жоғары оқу орындары арасындағы байланысты нығайту мақсатында ұйымдастырылды.