28 апреля 2025


АБАЙ ОБЛЫСЫНДАҒЫ АКАДЕМИЯЛЫҚ ҰТҚЫРЛЫҚ

IT және жаратылыстану ғылымдары Жоғары мектебі Экология және география кафедрасының профессоры, техника ғылымдарының докторы Гүлжан Абдугалиева ішкі академиялық ұтқырлық бағдарламасы аясында Семей қаласындағы Шәкәрім университетінде «Тіршілік қауіпсіздігі және қоршаған ортаны қорғау» білім беру бағдарламасының 3-курс студенттеріне «Еңбекті қорғау» пәні бойынша дәріс оқыды.

Сапар барысында профессор Г.Ю.Абдугалиева «Тіршілік қауіпсіздігі және қоршаған ортаны қорғау» білім беру бағдарламасының жетекші оқытушыларымен кездесулер өткізді. Қауіпсіздік саласындағы өзекті мәселелер талқыланып, мамандар даярлау бойынша тәжірибе алмасты.

Сонымен қатар, магистратураға түсуге қызығушылығы бар 4-курс студенттерін, жас мамандар мен оқытушыларды тарту мақсатында кәсіби бағдар беру жұмыстарын жүргізді.