28 апреля 2025
«Менің атам – қаһарман» атты патриоттық жастар акциясы басталды
Ұлы Жеңістің 80 жылдығына арналған 2025 жылдың 28 сәуірінен 9 мамыр аралығында «Менің атам – қаһарман» атты патриоттық жастар акциясы басталды!
Бұл акция – Отан үшін от кешкен ардагерлеріміздің ерлігін ұлықтап, ұрпақ санасына сіңіру мақсатында ұйымдастырылып отыр.
Акция шарты: Ұлы Отан соғысына қатысқан ата-әжелеріңіз немесе тыл ардагерлері жайлы ақпаратпен бөлісіп (фотосымен) насихаттау қажет. Жазбаңызға #МеніңАтамҚаһарман хештегін қосуды ұмытпаңыз!
Ұлы ерлік – ұмытылмайды! Батырлар тарихын бірге жаңғыртайық!
Батырларымыздың ерлігі ұрпақ жадында қалуы үшін, сен де үн қос!