28 апреля 2025


ШҚУ ЖАНЫНДАҒЫ ҚАБАНБАЙ БАТЫР АТЫНДАҒЫ ӘСКЕРИ КАФЕДРАНЫҢ КУРСАНТТАРЫ 5518 ӘСКЕРИ БӨЛІМІНЕ БАРДЫ

Сәрсен Аманжолов атындағы Шығыс Қазақстан университетінің Қабанбай батыр атындағы әскери кафедрасының курсанттары Ұлы Жеңістің 80 жылдығына орай 5518 әскери бөлімінде ашық есік күніне қатысты.

Бұл шараның мақсаты – Ұлы Отан соғысының ардагерлерін еске алу, олардың ерліктерін ұлықтау және жастар арасында патриоттық сезімді нығайту. Шара барысында курсанттар әскери бөлімнің тыныс-тіршілігімен танысып, әскери техникаларды, қару-жарақтарды көріп, әскери қызметтің ерекшеліктері туралы ақпарат алды.

Сонымен қатар, бөлімнің әскери қызметкерлерімен сұхбаттасып, олардың қызметі мен өмір жолдары туралы сұрады. Ашық есік күніне қатысқан курсанттар әскери қызметтің маңыздылығын түсініп, Отан алдындағы борыштарын орындауға деген жауапкершіліктерін арттырды. Бұл іс-шара жастарға әскери қызметтің қадір-қасиетін түсінуге және Отанға деген сүйіспеншілікті нығайтуға септігін тигізді.