29 апреля 2025
ЖОО-ДА БАҒДАРЛАМАЛЫҚ АККРЕДИТАЦИЯ БАСТАЛДЫ
Білім беру сапасын қамтамасыздандыру бойынша тәуелсіз агенттігінің ұйымдастыруымен университетте білім беру бағдарламаларының сапасын анықтайтын бағдарламалық аккредитация басталды. Аккредитация жоғары білікті мамандар даярлауға бағытталған бакалавриат пен магистратура бағдарламаларын қамтиды.
Тексеруден өтіп жатқан білім беру бағдарламалары:
- 6B01406 — Дене шынықтыру және бастапқы әскери дайындық
- 6B01407 — Музыкалық білім беру (IP)
- 6B01408 — Дене шынықтыру және спорт (IP)
- 7M04107 — Қаржы және есеп
- 6B04108 — Қаржы және есеп
- 7M04102 — Экономика және басқару
- 6B04103 — Мемлекеттік және жергілікті басқару
- 7M04103 — Мемлекеттік және жергілікті басқару
- 7M04106 — Мемлекеттік және жергілікті басқару
- 6B11101 — Туризм
- 7M01401 — Дене шынықтыру және спорт
- 6B04201 — Құқықтану
- 7M04201 — Құқықтану
- 7M04202 — Құқықтану
Бағдарламалық аккредитация білім беру бағдарламаларының заманауи стандарттар мен еңбек нарығы талаптарына сәйкестігін растауға, сондай-ақ университеттің ішкі сапа жүйесін дамытуға бағытталған.
Аккредитациядан сәтті өту — университет түлектерінің жоғары дайындық сапасын растауда және оқу орнының еліміздің білім беру кеңістігіндегі беделін арттыруда маңызды қадам болмақ.