29 апреля 2025


ҒЫЛЫМ ЖӨНІНДЕГІ ӨҢІРЛІК КЕҢЕСТІҢ АЛҒАШҚЫ ОТЫРЫСЫ ӨТТІ

Шығыс Қазақстан облысының Ғылым жөніндегі өңірлік кеңесінің алғашқы отырысы өтті. Іс-шараға аймақ басшысы Нұрымбет Сақтағанов пен ҚР Ғылым және жоғары білім министрі Саясат Нұрбектің төрағалық етті.

Отырыс барысында экономика мен өнеркәсіптің қажеттіліктерін қамтуға бағытталған ғылым саласындағы реформалар талқыланды. Сондай-ақ ғылыми ұйымдар мен кәсіпорындар арасындағы ынтымақтастық механизмдері, ғылымды қажет ететін технологиялар мен инновацияларды енгізу арқылы технологиялық мәселелерді шешу және өнімнің бәсекеге қабілеттілігін арттыру жолдары қарастырылды. Сонымен қатар ШҚО Ғылым жөніндегі өңірлік кеңесінің және оның жұмыс тобының құрамы бекітілді.

Өңірлік кеңестің қызметі ғылым мен қоғам арасындағы байланысты нығайтуға, өңірдің ғылыми-техникалық әлеуетін арттыруға, сондай-ақ аймақтың өмір сапасын жақсарту үшін негізгі салаларға инновациялық шешімдерді енгізуге бағытталған. Кеңес ғылым, билік және бизнес арасындағы тиімді диалог алаңына айналып, өңірдің әлеуметтік-экономикалық дамуына үлес қосуды мақсат етеді.