29 апреля 2025


ӘЗІРБАЙЖАНДЫҚ ПРОФЕССОР ЭКОНОМИКА БОЙЫНША ДӘРІС ОҚУДА

С.Аманжолов атындағы Шығыс Қазақстан университетіне академиялық ұтқырлық бағдарламасы аясында экономика ғылымдарының кандидаты, Әзірбайжан мемлекеттік экономика университетінің профессоры Лейла Ариф Гаджиева келді.

Университет басшылығының ұйымдастыруымен келген шетелдік профессор экономика, менеджмент және қаржы кафедрасының студенттері мен оқытушыларына дәрістер оқып, практикалық сабақтар мен шеберлік сағаттарын өткізеді.

Бұл бастама академиялық ынтымақтастықты дамытуға, тәжірибе алмасуға және білім беру үдерісінің сапасын арттыруға бағытталған.