29 апреля 2025


«ӘСКЕРДЕГІ САРБАЗҒА ХАТ»

Баршаңызды «Әскердегі сарбазға хат» атты әлеуметтік желідегі челленджге қатысуға шақырамыз!

Мақсаты: Отан қорғап жүрген сарбаздарға қолдау көрсетіп, олардың ерлігі мен еңбегіне алғыс білдіру.

Қалай қатысу керек?
1. Әлеуметтік желідегі парақшаңызда сарбаздарға арналған жылы тілектеріңізді жазып, хат жариялаңыз.
2. Постыңызға #ӘскердегіСарбазғаХат хештегін қосуды ұмытпаңыз.
3. Достарыңыз бен таныстарыңызды челленджге шақырыңыз!

Әрбір хат — сарбаздарға рух сыйлайды!
Қазақтың батыр ұлдарына алғысымызды білдіріп, олардың жігерін арттырайық!