29 апреля 2025


ANTIKOR CENTER-ДЕ «ӘДІЛ ҚОҒАМ» ЖОБАСЫ АЯСЫНДА «АШЫҚ ЕСІК КҮНДЕРІ» ҰЙЫМДАСТЫРЫЛДЫ

Қазақстан халқының бірлігі күнін атап өту және «Заң және тәртіп» нарративін ілгерілету аясында Шығыс Қазақстан облысының Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызметі «Ашық есік күні» акциясын ұйымдастырды. Іс-шара Қазақстан халқы Ассамблеясы, кәсіподақ, діни және жастар ұйымдары, сондай-ақ саяси партиялар өкілдерімен өзара іс-қимыл жасауға арналған маңызды алаңға айналды.


Қонақтар Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызметтің қызметімен танысып, сыбайлас жемқорлыққа қарсы күреске бағытталған бастамалары мен жобалары туралы мәлімет алды.

 

Іс-шараға «SANALY URPAQ» клубының еріктілері мен университеттің комплаенс-офицері Қайнар Жексембаев қатысты.

 

Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимылда азаматтық қоғамның рөліне ерекше назар аударылды. Іс-шара аясында «Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимылда азаматтық қоғамның рөлі» тақырыбында дөңгелек үстел өтті.

 

Талқыланған тақырып бойынша университетіміздің сыбайлас жемқорлыққа қарсы еріктісі Алида Тоқтарқан өз пікірін білдірді. Ол жастармен жұмыс істеу тәжірибесімен бөлісіп, өскелең ұрпаққа сыбайлас жемқорлықтың зияны туралы білім берудің маңыздылығын атап өтті.

«Ашық есік күні» акциясы пікір алмасу алаңы ғана емес, сонымен қатар мемлекеттік органдар мен азаматтық қоғам арасындағы ынтымақтастықты нығайту жолындағы маңызды қадам болды.