30 апреля 2025


АДАЛДЫҚ САҒАТЫ: ХАЛҚЫНА АДАЛ ҚАС БАТЫР — ҚАСЫМ ҚАЙСЕНОВ

С.Аманжолов атындағы ШҚУ базасында Сыбайлас жемқорлыққа қарсы комплаенс қызметі және тәрбие және әлеуметтік мәселелер бөлімінің ұйымдастырумен Ұлы Отан соғысының 80 жылдығына орай «Халқына адал қас батыр — Қасым Қайсенов» атты сыбайлас жемқорлыққа қарсы адалдық сағаты өтті.

Шараның мақсаты —  Халық қаһарманы Қасым Қайсеновтің өнегелі өмірі мен ерлігін үлгі ете отырып, білім алушылар арасында сыбайлас жемқорлыққа қарсы мәдениетті қалыптастыру. Білім алушыларға батырдың өмір жолы мен  жетістіктері туралы деректі фильм көрсетіліп, тың ақпарат берілді.

Іс-шараға арнайы келген Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің ШҚО бойынша Департаментінің  аға офицері Бекбаева Гүлнұр Айтқұрманқызы студент-жастарға болашақ ұрпақтың жарқын өмірі үшін күрескен Қасым Қайсеновтің ерлігі мен адалдығын үлгі етті.

— ШҚУ білім алушылардың сыбайлас жемқорлыққа қарсы мәдениетін қалыптастыруда үлкен шаралар ұйымдастырып келеді. Бүгінгі өткен адалдық сағаты да жастарды шынайлыққа, тазалыққа және жемқорлыққа төзбеушілікке тәрбиелейді, — деді Гүлнұр Бекбаева.

Кездесу жастар санасында адалдық пен елжандылық құндылықтарын арттыра түсті.