30 апреля 2025


«ТАЗА СЕССИЯ – ТАЗА ҚОЛ» ШТАБЫНЫҢ ОТЫРЫСЫ ӨТТІ

2024–2025 оқу жылының көктемгі семестрінің аяқталуына  байланысты тәрбие және әлеуметтік мәселелер бөлімі ұйымдастырған «Таза сессия – Таза қол» штабының кезекті отырысы өтті. Іс-шараға университеттің бітіруші курс студенттері, оқытушылар құрамы қатысты.

Университеттің сыбайлас жемқорлыққа қарсы комплаенс қызметінің жетекшісі Қайнар Жексембаев спикер ретінде қатысып, қоғамдық бақылау тетігінің рөліне тоқталып, ақпараттық-түсіндіру жұмысын жүргізді.

— Штаб студенттер мен оқытушылар арасындағы сенімді арттыру, емтихан кезеңінде әділдік пен ашықтықты қамтамасыз ету мақсатында жұмыс істеп келеді. Білім беру үдерісінің әділ әрі ашық өтуін үнемі бақылап, назарда ұстаймыз, — деді спикер.

Кездесу соңында қатысушылар «Таза сессия – Таза қол» бастамасының маңыздылығын атап өтіп, әділ әрі ашық білім беру ортасын қалыптастыру жолында бірлесе жұмыс істеуге дайын екендіктерін білдірді. Мұндай шаралар жастардың сыбайлас жемқорлыққа қарсы көзқарасын қалыптастыруға оң әсер етеді.