2 мая 2025


АЯГӨЗДІК ҰСТАЗДАР AMANZHOLOV UNIVERSITY-ДЕ БІЛІКТІЛІКТЕРІН АРТТЫРДЫ

16-29 сәуір аралығында С.Аманжолов атындағы Шығыс Қазақстан университетінде облыс мұғалімдеріне арналған «Білім берудегі адами ресурстарды басқарудың заманауи тәсілдері: мұғалімдердің кәсіби дамуы» тақырыбында онлайн біліктілік арттыру курсы өтті.

Университетте ғылым, білім және тәжірибені біріктіру тетіктері жүйелі түрде дамып келеді. Бұл педагогтердің тек теория жүзінде емес, сонымен қатар практикалық тұрғыдан да өсуіне ықпал етеді. Айта кетейік, бұл курс Қазақстан Республикасы Ғылым және жоғары білім министрлігінің 2024 жылы грантын жеңіп алған «Адами капиталды басқару, цифрлық экономиканы дамыту жағдайында еңбек ресурстарының сапасын арттыру» ғылыми жобасын іске асыру аясында ұйымдастырылды.

Курсқа Аягөз қаласының №6 мектеп ұстаздары қатысты. Жоба ғылымның өңірдегі білім беру саласына қосқан үлесін және педагогтердің кәсіби құзіреттілігін нығайтып заманауи цифрлық экономиканың сын-қатерлеріне жауап берудің жарқын үлгісін көрсетті.

Білім беру бағдарламасын адами ресурстарды басқару және педагогтердің кәсіби дамуы саласындағы жоғары сараптамалық тәжірибесі бар профессор Ж.Б.Рахметулина мен сениор-лектор Т.А.Абылайханова жүргізді. Курстың барлық қатысушылары оқуды сәтті аяқтап, сертификаттарға ие болды.