Қарқынды дамып жатқан цифрлық дәуірде білім – жай ғана күш емес, тұрақты болашақтың жалғыз валютасына айналуда. Осы тұрғыдан алғанда, зияткерлік әлеуетті ерте дамыту аса маңызды. Мектеп оқушыларына өз қабілеттерін көрсетуге, өз күшіне сенуге және олардың талпыныстарының бағаланатынын сезінуге мүмкіндік беру – болашаққа салынған инвестиция. Осындай ағартушылық бастамалардың жарқын үлгісі – 2025 жылғы 29 сәуірде Аягөз қаласындағы №6 қазақ мектеп-интернатында өткен математика және информатика пәндері бойынша аудандық олимпиада болды.
Бұл жай ғана олимпиада емес-бұл құрметті ұстаз, Қазақ КСР білім беру ісінің үздігі Тукубаев Берлібек Әбікеұлының рухына арналған терең мағыналы іс-шара.
Ұрпақтар сабақтастығының символына айналған олимпиадаға ауданның 30 мектебінен 90 оқушы қатысты. Олар өз білімін сынап, қабілеттерін паш ету мүмкіндігіне ие болды.
Іс-шараны ұйымдастырушылар: Б.Түкубаевтың қызы, профессор Ж.Б. Рахметулина, С.Аманжолов атындағы Шығыс Қазақстан университетінің жоғары оқу орнынан кейінгі білім беру бөлімінің басшысы А.Т. Абылайханова, ШҚУ-дың «Professional Upgrading» мансап орталығының басшысы Ж.Б. Болатова және Д.Серікбаев атындағы ШҚТУ оқытушысы А.С. Бухатова.
Жеңімпаздар Amanzholov University ректорының атынан грамоталармен және Түкубаевтар әулеті тағайындаған ақшалай сыйлықтармен марапатталды.
Іс-шара аясында салтанатты концерт, олимпиада алауының жағылуы мен туының көтерілу рәсімі өтті. Олимпиадаға қолдау білдіріп, қала мектептері мен лицей директорлары, сондай-ақ қалалық білім бөлімінің басшысы сөз сөйледі.
Amanzholov University өкілдері кәсіптік бағдар беру жұмыстарын жүргізіп, оқушыларды академиялық болашақты бірге құруға шабыттандырды.
Айта кету керек, бұл олимпиада жыл сайын ұйымдастырылып, аудан оқушыларына өзін көрсетуге мүмкіндік береді.