2 мая 2025


СТУДЕНТТЕРГЕ ЕМТИХАНҒА ПСИХОЛОГИЯЛЫҚ ДАЙЫНДЫҚ БОЙЫНША ТРЕНИНГ ӨТТІ

28 сәуір мен 30 сәуір аралығында Amanzholov University-де студенттік үйлерде тұратын жастар үшін емтиханға психологиялық тұрғыдан дайындыққа арналған арнайы тренинг ұйымдастырылды.

Тренингтің басты мақсаты – студенттерге емтихан кезеңінде жиі кездесетін күйзеліс, қорқыныш, сенімсіздік секілді психологиялық кедергілерді жеңуге көмектесу, эмоционалды тұрақтылықты арттыру және өзін-өзі реттеу дағдыларын қалыптастыру.

Іс-шара барысында қатысушылар психологиялық жағдайды жақсартуға арналған практикалық әдіс-тәсілдермен танысты. Оларға өз эмоцияларын басқару мен ішкі сенімділікті нығайту жолдары ұсынылды.