2 мая 2025


ШҚУ ОҚЫТУШЫЛАРЫ «ЖҰМЫСШЫ МАМАНДЫҚТАР ЖЫЛЫНА» АРНАЛҒАН ІС-ШАРАҒА ҚАТЫСТЫ

Шығыс Қазақстан өнер музейінде «Жұмысшы мамандықтар жылы» аясында мектеп оқушыларына арналған іс-шара ұйымдастырылды. Іс-шараның мақсаты – оқушылардың кәсіби бағдарын қалыптастыру, еңбекке деген оң көзқарасын дамыту және болашақ мамандық таңдауына психологиялық қолдау көрсету.

Іс-шараға С. Аманжолов атындағы Шығыс Қазақстан университетінің психология және коррекциялық педагогика кафедрасының қауымдастырылған профессоры, психология ғылымдарының кандидаты Кукина Юлия Евгеньевна және сениор-лектор Байтемірова Қарақат Берікхановна қатысты.

Шара барысында мамандық таңдауға бағытталған «Менің мамандығым және ақша» атты психологиялық ойын өткізілді. Ойын кезінде оқушылар өздерінің қызығушылықтары мен қабілеттерін анықтап, болашақ мамандықтарын таңдау бойынша ой бөлісті. Сонымен қатар, метафорикалық суреттер арқылы түрлі ойындар ұйымдастырылып, оқушылардың өзін-өзі тану, қаржылық сауаттылық және еңбекке деген көзқарастары талқыланды.

Amanzholov University оқытушылары қатысушылардың сұрақтарына жауап беріп, кәсіби бағдар беру бойынша кеңестер ұсынды.