2 мая 2025


ШҚУ ӘЗІРБАЙЖАНМЕН МАРКЕТИНГ САЛАСЫНДАҒЫ ХАЛЫҚАРАЛЫҚ ЖОБАНЫ ТАЛҚЫЛАДЫ

С.Аманжолов атындағы Шығыс Қазақстан университетінің өкілдері ТМД және БАӘ елдеріндегі AWE Consulting өңірлік директоры және Essentials of Modern Marketing (EOMM) атты Әзірбайжан басылымының редакциялық кеңесінің төрағасымен онлайн-кездесу өткізді.

Кездесу барысында университеттің Kotler Impact бастамасымен жүзеге асырылып жатқан, 100-ден астам елді қамтитын EOMM жобасының Қазақстан басылымына қатысу мүмкіндігі қарастырылды.

Жоба маркетингтің үздік тәжірибелерін ілгерілетіп, университеттер мен компаниялар арасындағы халықаралық ынтымақтастықты кеңейтуді көздейді. Қазақстандық басылым жаһандық білім кітапханасының бір бөлігіне айналып, академиялық және кәсіби қауымдастыққа қолжетімді болады.

Кездесуге Экономика, менеджмент және қаржы кафедрасының өкілдері, Академиялық саясат және білім беру бағдарламаларын басқару департаментінің директоры Е.Б.Домалатов, Білім сапасын қамтамасыз ету және халықаралық ынтымақтастық департаментінің директоры Д.Р.Сапарова сондай-ақ Стратегия, халықаралық ынтымақтастық және аккредитация бөлімінің жетекшісі Д.Қ.Ниғманова қатысты.