6 мая 2025


С.АМАНЖОЛОВ АТЫНДАҒЫ ШҚУ ҚАРЖЫЛЫҚ САУАТТЫЛЫҚТЫ АРТТЫРУҒА ҚОСҚАН ҮЛЕСІ ҮШІН МАРАПАТТАЛДЫ

Бүгін облыстық экономикалық тергеп-тексеру департаменті С.Аманжолов атындағы Шығыс Қазақстан университетін бұқара арасындағы қаржылық сауаттылықты арттыру бағытында белсенді жұмыс жүргізіп, маңызды үлес қосқаны үшін марапаттады.

Отан қорғаушылар күні мен Жеңістің 80 жылдық мерейтойы аясында өткен салтанатты іс-шарада университет ректоры Мұхтар Төлегенге ҚР Қаржылық мониторинг агенттігінің «Қаржылық қауіпсіздікті қамтамасыз етуге қосқан үлесі үшін» медалі табыс етілді.

Бұл марапат – университеттің қоғам алдындағы жауапкершілігін, студенттер мен тұрғындардың қаржылық мәдениетін қалыптастыруға бағытталған жүйелі жұмысының нәтижесі.