6 мая 2025


ШҚУ МЕН ӨЗБЕКСТАННЫҢ ЖОҒАРҒЫ ОҚУ ОРНЫ ЫНТЫМАҚТАСТЫҚ ТУРАЛЫ КЕЛІСІМГЕ ҚОЛ ҚОЙДЫ

С.Аманжолов атындағы Шығыс Қазақстан университеті мен Әжинияз атындағы Нүкіс мемлекеттік педагогикалық институты академиялық ұтқырлықты дамыту және бірлескен ғылыми бастамаларды іске асыруға бағытталған ынтымақтастық туралы келісімге қол қойды.

Келісім аясында студенттер мен оқытушылар алмасуы, бірлескен ғылыми жарияланымдар, конференциялар мен семинарлар ұйымдастыру, сондай-ақ педагогикалық білім беру әдістемелерімен тәжірибе алмасу жоспарланған.

Қарақалпақстанның жетекші жоғары оқу орындарының бірімен орнаған серіктестік халықаралық ынтымақтастықтың көкжиегін кеңейтіп, Қазақстан мен Өзбекстан арасындағы мәдени және білім беру байланыстарын нығайтпақ.