6 мая 2025
ҒЫЛЫМ ФЕСТИВАЛІНІҢ ЖЕҢІМПАЗДАРЫ МАРАПАТТАЛДЫ
Сәрсен Аманжолов атындағы Шығыс Қазақстан университетінде оқушыларға арналған ғылым фестивалінің салтанатты жабылу рәсімі өтті. Шараға мектеп оқушылары, ата-аналар, жетекшілер және университет оқытушылары қатысты.
Ғылым фестивалінің мақсаты – оқушыларды ғылыми-зерттеу қызметіне тарту, шығармашылық қабілеттерін шыңдау, болашақ жас ғалымдардың алғашқы қадамдарын қолдау.
-Қазіргі таңда ғылым мен білім – ел дамуының негізгі тірегі. Университеттерді жаңғырту жағдайында ғылымды дамытудағы рөл айрықша. Әлемнің жетекші елдері ғылымға, білімге басымдық бере отырып, жоғары адами капиталдың арқасында табысқа жетіп отыр. Сондықтан жастарды ғылыми зерттеулерге, жаңалықтар ашуға баулу – біздің ортақ әрі маңызды міндетіміз, – деп атап өтті С.Аманжолов атындағы ШҚУ ректоры Мұхтар Төлеген.
Еске сала кетейік, фестиваль аясында еліміздің әр өңірінен барлығы 105 ғылыми жоба ұсынылды, оның ішінде 49 жоба екінші кезеңге өтіп, университет қабырғасында қорғаудан өтті. Жобалар аясында тарих пен тіл білімінен бастап жаратылыстану-математикалық бағыттарға дейінгі кең ауқымды тақырыптар қамтылды.
Шара барысында үздік қатысушылар түрлі номинациялар бойынша марапатталып, жеңімпаздарға дипломдар мен ақшалай сертификаттар табысталды.
«Ғылымға алғашқы қадамдар» бағыты бойынша:
– Бірінші орын: Раяна Бақытбек – 40 000 теңге
– Екінші орын: Адема Айтжанова және Евангелина Солонец – 35 000 теңгеден
– Үшінші орын: Масығұтова Айсана және Назар Щетников – 30 000 теңгеден
Әлеуметтік-гуманитарлық бағыт бойынша:
– Бірінші орын: Бексұлтан Советханов– 40 000 теңге
– Екінші орын: Нұрәлі Сапуан– 35 000 теңге
– Үшінші орын: Айзере Ерболова – 30 000 теңге
Жаратылыстану-техникалық бағыт бойынша:
– Бірінші орын: Ажар Сагаева– «Үздік жоба»
– Екінші орын: Ахметхан Қанатбек және Мирас Жомартов – 35 000 теңгеден
– Үшінші орын: Нұрғалиев Альжан және Ризабек Расул – 30 000 теңгеден
Сонымен қатар, ауыл шаруашылығында қолданылатын smart технологиялар мен инклюзивті білім берудегі цифрлық шешімдерге арналған жобаларымен көзге түскен Дәурен Қадырұлы мен Еркежан Абаева Amanzholov University-дің білім беру гранттарының иегерлері атанды.