8 мая 2025


ПОЛЬШАЛЫҚ МАМАНДАРДЫҢ ҚАТЫСУЫМЕН ӨТІП ЖАТҚАН СЕНСОРЛЫҚ ИНТЕГРАЦИЯ ЖӘНЕ НЕЙРОПЕДАГОГИКА БОЙЫНША КУРСТАР АЯҚТАЛДЫ

Бүгін Amanzholov University-де сенсорлық интеграция және нейропедагогика бойынша курстардың практикалық кезеңінің үшінші күні аяқталды. Қатысушылар польшалық мамандар Агнешка мен Роберт Леманьский таныстырған әдістемелерді меңгеріп, алған білімдерін тәжірибе жүзінде белсенді қолданып келеді.

Еске салайық, Агнешка мен Роберт Леманьский — арнайы білім беру саласының мамандары. Олар «Дефектология», «Арнайы педагогика», «Эргопедагогика», «Ерте араласу педагогикасы», «Бейімделген дене шынықтыру», «Мектепке дейінгі білім беру және тәрбиелеу», «Мектепке дейінгі білім беру (IP)» білім беру бағдарламаларының оқытушылары мен студенттеріне арналған қарқынды оқу курстарын өткізді.

— Біз Польшаның сенсорлық интеграциясы мен неврологиялық рефлекстері бұзылған ерекше балалармен жұмыс істеудегі әдістемесіне қатысты тәжірибеміз бен білімімізді әкелдік. Біз тек теориямен шектелмей, ерекше білім беру қажеттіліктері бар балалардың жағдайына назар аударып, тәжірибемізбен бөлісудеміз, — деді Роберт Леманьски.

Айта кетейік, қазіргі уақытта жұмыс жеке форматта жалғасуда: қатысушылар сенсорлық стратегияларды енгізу кезінде туындайтын нақты жағдайлар мен қиындықтарды талқылап, мамандардан онлайн-кеңес алуда. Сонымен қатар, бағдарлама аясында қорытынды жобаларды дайындау жұмысы қызу жүргізілуде. Бұл жобалар курстың соңғы кезеңінде қорғалады.