8 мая 2025


ҰЛЫ ОТАН СОҒЫСЫ ЖЫЛДАРЫНДАҒЫ ҚАЗАҚСТАН: ДЕРЕКТЕР ЖӘНЕ МАТЕРИАЛДАР

С.Аманжолов атындағы Шығыс Қазақстан университетінің Қазақстан тарихы және әлеуметтік-гуманитарлық пәндер кафедрасы мен ШҚО цифрландыру және архивтер басқармасы «Мемлекеттік архив» КММ-мен бірлесе отырып, «Ұлы Отан соғысы жылдарындағы Қазақстан: деректер және материалдар» тақырыбында дөңгелек үстел ұйымдастырды.

Іс-шараға «Мемлекеттік архив» КММ қызметкерлері, профессор-оқытушылар құрамы мен студенттер қатысты. Жиын барысында Ұлы Жеңістің 80 жылдығы атап өтіліп,  бүкіл халықтың ортақ күресі, бірлігі мен табанды еңбегінің жемісі екендігі айтылды. Сонымен қатар, бүгінгі күннің басты құндылығы – бейбітшілікті сақтау мәселесіне де ерекше назар аударылды.

Дөңгелек үстел студенттер мен профессор-оқытушылар үшін тәжірибелік маңызға ие болды. Атап айтқанда, ШҚО цифрландыру және архивтер басқармасы «Мемлекеттік архив» КММ құжаттарды жариялау және ғылыми пайдалану бөлімінің жетекшісі Т.В. Шустованың «1941–1945 жж. Ұлы Отан соғысы тақырыбы архив құжаттарында» атты баяндамасы архив материалдарын зерттеушілер үшін құнды дереккөзіне айналды. Баяндамашы архив қорларындағы құнды мәліметтермен бөлісіп, тарихи деректермен жұмыс істеудің әдістемесін ұсынды.

Іс-шара патриоттық тәрбие беру мақсатында ұйымдастырылып, студент жастардың бойында Отанға деген сүйіспеншілікті, тарихи тұлғаларға құрмет сезімін қалыптастыруға ықпал етті. Ұлы Жеңіске үлес қосқан батырларға тағзым ету – ұрпақ парызы екені тағы бір мәрте нақтыланды.