8 мая 2025


ҰРПАҚ ЖАДЫНДАҒЫ ЕРЛІК: ҚАСЫМ ҚАЙСЕНОВ КЕНТІНДЕ «БАТЫРЛАР АЛЛЕЯСЫ» АШЫЛДЫ

Бүгін жүрекке рух, санаға серпін берген тағылымды күн болды. Ұлан ауданы, Қасым Қайсенов кентінде жаңадан бой көтерген «Батырлар аллеясында» өткен маңызды шараға Шығыс Қазақстан облысының әкімі Нұрымбет Аманұлы Сақтағанов, С.Аманжолов атындағы Шығыс Қазақстан университетінің профессорлық-оқытушылық құрамы мен студенттері қатысты.

-Ұлы Отан соғысында жан қиған батырлық танытқан даңқты ерлердің есімін ұлықтау әр қазақтың қасиетті борышы. Олардың ерлігі ертеңгі ұрпаққа өшпес өнеге. Елдік пен ерліктің нышанындай болған осы аллея тарих алдындағы парыздың белгісі,-дейді ректор Мұхтар Төлеген.

Шара барысында қатысушылар тағылымды естеліктермен бөлісіп, ерлікке тағзым етті.

Сондай-ақ, шара аясында делегация мүшелері Өскемен қаласындағы Сағадат Нұрмағамбетов атындағы аллеяға барып, даңқты қолбасшының ескерткішіне гүл шоқтарын қойып, үнсіздікпен еске алды.