12 мая 2025


«ИНКЛЮЗИВТІ БІЛІМ БЕРУДЕГІ ПЕДАГОГТІҢ КӘСІБИ ҰСТАНЫМДАРЫ» ТАҚЫРЫБЫНДАҒЫ ҒЫЛЫМИ-ӘДІСТЕМЕЛІК СЕМИНАР

Amanzholov University-де Шығыс Қазақстан облысы педагогтеріне арналған «Инклюзивті білім берудегі педагогтің кәсіби ұстанымдары» тақырыбында ғылыми-әдістемелік семинар өтті. Семинар университет пен «Өрлеу» біліктілікті арттыру ұлттық орталығы» АҚ «Шығыс Қазақстан облысы бойынша Кәсіби даму институты» филиалы арасындағы өзара ынтымақтастық туралы Меморандум аясында және Тұрақты дамудың төртінші мақсаты – «Баршаға инклюзивті және әділ сапалы білім беруді қамтамасыз ету және өмір бойы оқу мүмкіндігін ілгерілету» шеңберінде ұйымдастырылды.

Іс-шараны психология және коррекциялық педагогика кафедрасы мен «Dana Bala» үздіксіз және инклюзивті білім беру орталығы ұйымдастырды.

Семинар спикерлері Ю.Е.Кукина, К.Д.Канапиянова және А.К.Алипова қатысушылармен бірге кәсіби құзыреттілік, кәсіби маңызды қасиеттер мен ұстанымдар мәселелерін талқылады. Қатысушыларға «Dana Bala» орталығына экскурсия ұйымдастырылып, университет педагогтерінің әзірлемелері таныстырылды.