13 мая 2025


АЙМАҚТЫҚ «WORLDSKILLS SHYGYS 2025» ЧЕМПИОНАТЫ БАСТАЛДЫ

Өскеменде 12-16 мамыр аралығында «WorldSkills Shygys 2025» аймақтық кәсіби шеберлік чемпионаты басталды. Ауқымды шараның ашылу салтанаты 12 мамыр күні жоғары деңгейде ұйымдастырылды.

Сәрсен Аманжолов атындағы Шығыс Қазақстан университетінің Жоғары колледжі студенттері бұл додаға «Бастауыш сыныпта оқыту», «Мектепке дейінгі тәрбие», «Мобильді қосымшаларды әзірлеу», «Графикалық дизайн» және «Зертханалық технология» құзіреттіліктері бойынша қатысуда. Үш күнге созылатын чемпионат барысында қатысушылардың жұмысын өңірлік кәсіпорындардың жетекші мамандары мен өндірістік оқыту шеберлері бағалайды.

Айта кету керек, «Зертханалық технология» құзыреттілігі бойынша жарыс ШҚУ базасында өткізіліп жатыр.