13 мая 2025


ШҚУ СТУДЕНТТЕРІ РЕСПУБЛИКАЛЫҚ ПІКІРСАЙЫСТА ЖЕҢІМПАЗ АТАНДЫ

10-11-мамыр күндері Семей қаласында “Семей қаласы әкімінің кубогіне арналған” дәстүрлі SEMEY OPEN-2025 республикалық пікірсайыс турнирі өтті.

Турнирге Астана, Алматы қалаларынан, Абай, Павлодар, Шығыс Қазақстан облыстарынан 50-ден астам спикер қатысты.

2 күндік турнир қорытындысы бойынша Қуаныш фракциясының атынан шыққан ШҚУ-дың 1 курс студенттері Бақыт Баянды және Мерхат Алмасұлы Гран-при жеңіп алды. Ал Шоқан Уәлиханов фракциясы атынан шыққан 3 курс студенті Жігер Сәрсенбаев «Негізгі алаң финалисті” атанды.

Білім додасына қатысушылар пікірсайыс ой-өрісті дамытатын, шешендікке баулитын, сыни ойлауды қалыптастыратын ерекше интеллектуалдық ойын. Бұл – тек жарыс емес, жеке тұлға ретінде өсуге бағытталған орта деп атап өтті. Олар дебатқа тек жеңіс үшін емес, жаңа көзқарас, шынайы достар мен дамушы орта табу үшін қатысатындықтарын алға тартты.