14 мая 2025


«МҰҒАЛІМ МАМАНДЫҒЫ ЖӘНЕ МЕН» ТАҚЫРЫБЫНДА ТРЕНИНГ ҰЙЫМДАСТЫРЫЛДЫ

Сәрсен Аманжолов атындағы Шығыс Қазақстан университеті Шет тілдері және аударма ісі кафедрасы Шет тілдері (IP) және Ағылшын тілі (IP) білім беру бағдарламаларының 1-курс студенттері үшін “Мұғалім кәсібіне кіріспе” оқу тәжірибесінің аясында “Мұғалім мамандығы және мен” тақырыбында тренинг өтті.

Тренинг спикерлері «Оралхан Бөкей атындағы № 44 мектеп-лицейдің» ағылшын тілі пәнінің мұғалімі Қамбаров Жасұлан, «Қасым Қайсенов кенті орта мектебінің» ағылшын тілі мұғалімі Анарбеков Әділ, “Шет тілі: екі шет тілі” мамандығының магистранты Мерхатқызы Меруерт. Олар білім алушыларға жалпы мамандыққа шолу, кәсіби өсу стратегиялары, оқытуды жоспарлау негіздерін түсіндірді.