15 мая 2025


«МАМАНДЫҒЫМ – МАҚТАНЫШЫМ»: КӘСІБИ БАҒДАР БЕРУ МАҚСАТЫНДАҒЫ ҮЗДІК БЕЙНЕРОЛИК АНЫҚТАЛДЫ

Сәрсен Аманжолов атындағы Шығыс Қазақстан университетінде талапкерлерді университеттің білім беру бағдарламаларымен таныстырып, мамандық таңдауға ынталандыру мақсатында «Мамандығым – мақтанышым!» атты кәсіби бағдарға бағытталған бейнероликтер байқауы ұйымдастырылды. Байқаудың басты мақсаты – университет өмірі мен оқу бағыттарының тартымдылығын көрсету арқылы мектеп бітіруші түлектер мен талапкерлердің назарын жоғары оқу орнына аудару, кәсіби бағдар беру жұмыстарын жандандыру.

Байқауға университеттің белсенді жастары қатысып, өз мамандықтарының ерекшелігін, артықшылықтарын және болашағын бейнеролик арқылы креативті түрде таныстыра білді.

Байқау нәтижесі бойынша:

Бас жүлде – 200 000 теңге сертификат:
Базарқанов Айдын – кәсіби бағдарға арналған ең үздік бейнеролик авторы;

II орын – 150 000 теңге сертификат иегерлері:
– Қасаинова Ару
– Amanzholov University Амбассадорлары: Тулеуханова Назар мен Айкенова Таңбибі
– Қадылбеков Ілияс

III орын – 100 000 теңге сертификат иегерлері:
– Маратқызы Назерке
– Малик Айсұлу
– Жанарбек Жұлдыз, Бектұрғанова Инара, Нұрланова Диляра

Ынталандыру сыйлығы – 50 000 теңге сертификат:
Университет өмірі мен мамандық мазмұнын шығармашылықпен көрсете білген қатысушылар:
– Жеңісов Жасұлан
– Колчина Мария
– Маршалов Ерқанат
– Мұхаметқан Саяна
– Бақытбекқызы Әмина

Бұл байқау талапкерлер арасында кәсіби бағдар беру жұмыстарын жандандырып, студенттердің креативтілігін арттыруға, университет