15 мая 2025
“СТУДЕНТТІК КӨКТЕМ — 2025» ФЕСТИВАЛІНІҢ ГАЛА КОНЦЕРТІ ӨТТІ
Сәрсен Аманжолов атындағы Шығыс Қазақстан университетінің студенттері арасында «Жастар және еңбек: Жарқын болашаққа қадам» тақырыбында «Студенттік көктем — 2025» фестивалінің жабылуына арналған гала-концерт өтті.
«Студенттік көктем – 2025» байқауы – Жұмысшы мамандықтар жылы аясында жастарды еңбекке баулу, Ұлы Жеңістің 80 жылдығы мен Абай Құнанбайұлының 180 жылдық мерейтойын ұлықтау мақсатында ұйымдастырылды.
Қатысушылар вокал, эстрадалық би, бейнеролик, аспаптық орындау, жайдарман бағытында сынға түсті. Бұл – жастардың патриоттық рухын көтеріп, еңбек пен шығармашылықты ұштауға ықпал етті.
— Студенттерді шығармашылық қолдау бағытында дәстүрлі түрде өтетін студенттік көктемді жыл сайын асыға күтеміз. Осы сахнада өнерге деген құштарлығын көрсететін дарынды жастар жиналған. Бұл байқау әр жылдағы өзекті тақырыпты өнер арқылы қозғайды. Жоғары деңгейдегі дайындықтарын көрсеткен қатысушыларға алғыс білдіремін, — деді ЖОО ректоры Мұхтар Төлеген.
Байқау қорытындысы бойынша жеңімпаздар анықталды:
- І орын және 200 000 теңге — Гуманитарлық ғылымдар жоғары мектебі;
- ІІ орын және 150 000 теңге — IT және жаратылыстану ғылымдары жоғары мектебі ;
- ІІІ орын және 100 000 теңге — Жоғары колледж.
Сонымен қатар, келесі номинациялар бойынша марапаттар берілді:
- «Үздік пролог» IT және жаратылыстану ғылымдарының жоғары мектебі
- «Үздік көркем сөз» — жеңімпазы Инабат Серікқызы
- «Үздік патриоттық номер» — Педагогика жоғары мектебі
- «Үздік инструменталды номер» — Жоғары колледж
- «Үздік профориентациялық видеоролик» — IT және жаратылыстану жоғары мектебі
- «Үздік дизайндағы бағдарлама» — Жоғары колледж
- «Ең үздік жайдарманшы» — Амангельдина Надира Асылбекқызы
- «Ең үздік жайдарман» — Жоғары колледж
- «Мистер студенттік көктем» — Азатханов Ерасыл Нұрболұлы
- «Мисс студенттік көктем» — Айкерім Хапарова
- «Ең үздік жүргізуші» — Қарақат Саясатқызы
- «Ең үздік жүргізуші» — Ғалибиятов Алихан Абайбекұлы
- «Алтын дауыс» — Әйгерім Манарбекова
- «Үздік вокалдық номер» — Жоғары колледж
- «Үздік сюжеттік би» — IT және жаратылыстану жоғары мектебі
- «Үздік эстрадалық би» — Гуманитарлық ғылымдар жоғары мектебі
- «Үздік ұлттық би» — Жоғары колледж
- «Үздік замануи би» — Гуманитарлық ғылымдар жоғары мектебі
- «Үздік режисерлік шешім» — Гуманитарлық ғылымдар жоғары мектебі