15 мая 2025


ШҚУ СТУДЕНТІ РЕСПУБЛИКАЛЫҚ АҚЫНДАР АЙТЫСЫНДА ЖҮЛДЕГЕР АТАНДЫ

Алматыда Қазақ ұлттық қыздар педагогикалық университетінің ұйымдастыруымен «Білімді қыздар – ұлттың ұйытқысы» атты республикалық студенттік ақындар айтысы өтті.

Тапқырлық пен сөз шеберлігі сынға түсетін сайысқа Сәрсен Аманжолов атындағы Шығыс Қазақстан университетінің Гуманитарлық ғылымдар жоғары мектебінің «Қазақ тілі мен әдебиеті» білім беру бағдарламасының 1 курс студенті Ермеков Әли қатысып, ІІ дәрежелі дипломға ие болды.