15 мая 2025
ШҚУ ҚАЗАҚСТАНДЫҚ КҮМІС УНИВЕРСИТЕТТЕР ҚАУЫМДАСТЫҒЫ ҚҰРЫЛТАЙШЫЛАРЫНЫҢ ОТЫРЫСЫНА ҚАТЫСТЫ
Ш.Уәлиханов атындағы Көкшетау университеті базасында онлайн
форматта Қазақстандық күміс университеттер қауымдастығы құрылтайшыларының
кезекті отырысы өтті. Іс-шараға егде жастағы азаматтарға арналған білім беру
бағдарламаларын дамытуға мүдделі еліміздің жетекші жоғары оқу орындарының
өкілдері қатысты.
Кездесудің басты тақырыбы –
Қазақстандағы Күміс университеттердің қазіргі жағдайы мен даму болашағын
талқылау. Қатысушылар тәжірибе алмасып, 50+ жастағы азаматтарға білім беру
қызметтерінің сапасын арттыру мен желіні кеңейтуге қатысты ұсыныстарын ортаға
салды.
Сәрсен Аманжолов атындағы Шығыс
Қазақстан университеті қауымдастықтың белсенді мүшесі ретінде оқу орнындағы Күміс
университетін дамыту бағдарламасын таныстырды. Университет бұл бағытта мол
тәжірибеге ие: 2000 жылдан бастап жоғары оқу орны базасында 60+ жастағы
адамдарға арналған клуб жұмыс істей бастады. Бұл жоба аясында Шығыс Қазақстан
облысының 11 ауданында 2800-ден астам адам қамтылды.
2020 жылдан бері ШҚУ-да «Күміс
университет» жобасы жүзеге асырылып келеді. Оның аясында цифрлық сауаттылық,
кәсіпкерліктің негіздері, арт-терапия, шет тілдерін үйрену сынды 11 бағыт
бойынша жаңа форматтағы білім беру бағдарламалары әзірленді. Сонымен қатар,
білікті лекторларды даярлауға, ҮЕҰ және серіктес ұйымдармен өзара іс-қимыл
жасауға, қарттар мен мүмкіндігі шектеулі жандарға арналған үйлерде
студенттердің еріктілік қызметіне ерекше назар аударылуда. Бұдан бөлек,
университет ШҚО және Өскемен қаласы Ішкі саясат басқармасының тапсырысы бойынша
социологиялық зерттеулер жүргізіп, олардың нәтижелерін бұқаралық ақпарат
құралдарында жариялап келеді.
Бүгінгі күнге дейін жоба аясында
1555-тен астам адам оқып, оның ішінде 470-і – университеттің оқытушылары,
қызметкерлері мен ардагерлері, 1085-і – Өскемен қаласы мен облыс аудандарының
тұрғындары.
Отырыста Қазақстандық Күміс университеттер
қауымдастығының логотипін әзірлеу және «AIUTA Connect» халықаралық
платформасымен ынтымақтастықты бастау мәселелері де қаралды. Қауымдастықтың
визуалдық бірегейлігіне қатысты ұсыныстармен «Серпіліс» ҚБ жетекшісі А.Е.Исмагулова
мен Ю.В.Куштан сөз сөйледі.
С.
Аманжолов атындағы ШҚУ алдағы уақытта да қауымдастықтың жұмысына белсенді
араласуды жалғастырмақ.