16 мая 2025


ЛЮЦИЯ ИЛЬДАРОВНА АБДУЛЛИНАҒА АРНАЛҒАН IV ХАЛЫҚАРАЛЫҚ ҒЫЛЫМИ-ПРАКТИКАЛЫҚ КОНФЕРЕНЦИЯСЫ ӨТТІ

Сәрсен Аманжолов атындағы Шығыс Қазақстан университетінде «Филология және журналистиканың өзекті мәселелері» тақырыбындағы филология және журналистика зерттеушілері мен оқытушыларының IV Халықаралық ғылыми-практикалық конференциясы өтті. Іс-шара көрнекті ғалым, педагог және тәлімгер – профессор Люция Ильдаровна Абдуллинаға арналды.

Конференцияны ШҚУ-дың қазақ, орыс филологиясы және журналистика кафедрасы ұйымдастырды. Шара аясында кафедра оқытушылары мен студенттері, сондай-ақ Л.Н.Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университетінің докторанты Ә.А.Данияр және №29 орта мектептің орыс тілі мен әдебиеті пәнінің мұғалімі В.Б.Желудкова арнайы шақырылды. Олар ғылыми конференцияда ғылыми баяндамаларын ұсынды.

Пленарлық отырыста А.С.Пушкин атындағы Ленинград мемлекеттік университетінің (Санкт-Петербург, Ресей Федерациясы) жарнама және қоғамдық коммуникациялар кафедрасының доценті, педагогика ғылымдарының кандидаты Юлия Моншина құттықтау сөз сөйледі. Ол өз сөзінде Люция Ильдаровнаның филологиялық білім берудің дамуына қосқан елеулі үлесін атап өтіп, ғылыми дәстүрлерді сақтау мен ұрпақтар сабақтастығының маңыздылығына тоқталды.

Қазақ және орыс филологиясы мен журналистика кафедрасының сениор-лекторы Наталья Будникова да Люция Ильдаровна туралы өз естеліктерімен бөлісті:

– Көптеген адамдар үшін Люция Ильдаровна тек үлкен әріппен жазылатын ғалым ғана емес, сонымен қатар өз ісіне, студенттерге, өмірге деген ерекше ықыласымен шабыттандырған тұлға болды. Бұл конференцияны өткізу университет дәстүрінің ажырамас бөлігіне айналды және біз оның бастаған ісін жалғастырып жатқанымызды мақтан етеміз, – деді ол.

Конференция филология, журналистика және гуманитарлық білім беру салаларындағы өзекті мәселелерді талқылайтын маңызды ғылыми алаңға айналып, Қазақстан мен шетелдік серіктес университеттер арасындағы ғылыми байланысты нығайтты.