16 мая 2025


СӘРСЕН АМАНЖОЛОВ АТЫНДАҒЫ ШҚУ ЖОҒАРЫ КОЛЛЕДЖІ СТУДЕНТТЕРІ «WORLDSKILLS SHYGYS-2025» ЧЕМПИОНАТЫНЫҢ ЖҮЛДЕГЕРЛЕРІ

Аймақта дәстүрлі «Worldskills Shygys-2025» кәсіби шеберлік чемпионаты  13-15 мамыр аралығында болып өтті. Биыл 28 колледжден  38 құзіреттілік бойынша қатысушылар бақтарын сынады. Ұйымдастырылған жарыстың мақсаты жұмысшы мамандықтар жылында кәсіби, сервистік және өндірістік кәсіптердің мәртебесін арттыру.

Жыл сайын дәстүрлі түрде ұйымдастырылатын чемпионатқа С.Аманжолов атындағы ШҚУ Жоғары колледжден «Графикалық дизайн», «Мобильдік қосымшаларды құру», «Мектепке дейінгі тәрбие», «Бастауыш сыныпта оқыту», «Зертханалық химиялық талдау» құзыреттіліктері бойынша қатысты. Аймақтық кәсіби шеберлік чемпионатына «Графикалық дизайн» құзыреттілігі бойынша Самарбекова Алтынай – 2  орын,  «Мектепке дейінгі тәрбие» құзыреттілігі бойынша Дүйсебаева Қарақат–2 орын, «Бастауыш сыныпта оқыту» құзыреттілігі бойынша Шәріпова Аяулым – 3 орын, «Зертханалық хмииялық талдау» құзыреттілігі бойынша Кусаинова Шахназ – 3 орынға ие болды.

 

Чемпионатта болашақ мамандар бақтарын сынап, іскерлік дағдыларын, кәсіби шеберліктерін жоғары деңгейде көрсете алды. Жеңіс тұғырына көтерілгендер республикалық чемпионатқа жолдама алады. Жұмысшы мамандықтар  жылындағы кәсіби білім беру сапасын арттыру — алға қойып отырған мәселелердің бірі. Осы мақсатта аймақта WorldSkills жарысы ұйымдастрылып отырады. WorldSkills — маман даярлаудың инновациялық үлгісі мен озық тәжірибесін көрсететін білім сайысы.