16 мая 2025


AMANZHOLOV UNIVERSITY СТУДЕНТІ «ЭТНО-КАРАОКЕ» БАЙҚАУЫНЫҢ ЖЕҢІМПАЗЫ АТАНДЫ

Бүгін Өскемен қаласындағы Металлургтер мәдениет сарайында қала колледждері мен жоғары оқу орындарының студенттері қатысқан «Этно-караоке» қалалық байқауы өтті. Шараның мақсаты – жастарды ұлттық музыкалық мұраға баулу, барлық оқу орындарының өкілдерін біріктіру болды.

Сәрсен Аманжолов атындағы Шығыс Қазақстан университетінің «Музыкалық білім» білім беру бағдарламасы бойынша білім алып жатқан 1-курс студенті Салауат Ержанұлы байқаудың бас жүлдесін жеңіп алды.

Жеңімпаз педагогика ғылымдарының кандидаты, профессор Альмира Нұрғожинаның сыныбында білім алады. Ұстазының қолдауы мен жетекшілігінің арқасында ол алғашқы курстан-ақ шығармашылық тұрғыда жоғары нәтижелер көрсетіп келеді.