16 мая 2025


AMANZHOLOV UNIVERSITY СТУДЕНТІ 89-ШЫ ДҮНИЕЖҮЗІЛІК КІТАПХАНА ЖӘНЕ АҚПАРАТ КОНГРЕСІНЕ ҚАТЫСАДЫ

Шығыс Қазақстан университетінің «Шетел тілі: екі шетел тілі» білім беру бағдарламасының үшінші курс студенті Адель Толуханова 2025 жылдың тамыз айында Астана қаласында өтетін IFLA WLIC 2025 89-шы Дүниежүзілік кітапхана және ақпарат конгресінің еріктілер құрамына енді.

IFLA (International Federation of Library Associations and Institutions) Конгресі — бұл жыл сайын 150-ден астам елдің басын қосатын кітапхана және ақпараттық қауымдастық саласындағы ең ірі халықаралық іс-шаралардың бірі.

— Бұл менің волонтерлік саладағы алғашқы тәжірибем. Мен өзімді ғана емес, университетімізді халықаралық алаңда таныстыратыныма өте қуаныштымын. С.Аманжолов атындағы ШҚУ-ға, Сапа және халықаралық ынтымақтастықты қамтамасыз ету департаментіне қолдау көрсеткені және мүмкіндіктер ұсынғаны үшін алғыс айтамын. Бұл мені шынымен де өсуге және үлкен жетістіктерге ұмтылуға шабыттандырады, — деді Адель.

Айта кету керек, 2024–2025 оқу жылында Адель академиялық ұтқырлық бағдарламасына қатысып, Италияның жоғары оқу орнында білім алды. Оның айтуынша, бұл тәжірибе оның жеке және кәсіби дамуына үлкен үлес қосып, өздігінен шешім қабылдауға, сенімді болуға және халықаралық өзара әрекеттестікке ашық болуға көмектесті.

— Шетелде оқу маған тек академиялық білім ғана емес, сонымен қатар дүниетанымымды кеңейтті. Дәл осы тәжірибе мені халықаралық жобаларға қатысуға шабыттандырды және жеке тұлға әрі әлем азаматы ретінде дамуға деген ұмтылысымды нығайтты, — деді студент.

Университет халықаралық деңгейдегі маңызды жобалар мен форумдарға қатыса отырып, ШҚУ-ды лайықты түрде таныстырып жүрген студенттерінің жетістіктерін мақтан тұтады. Олар елімізден тыс жерлерде университеттің академиялық беделін арттыруға өз үлестерін қосуда.