16 мая 2025


“CHILDREN PARALYMPIC GAMES – 2025” ИНКЛЮЗИВТІ СПОРТ ФЕСТИВАЛІ ЖЕҢІМПАЗДАРЫ МАРАПАТТАЛДЫ

С.Аманжолов атындағы Шығыс Қазақстан университеті базасында “Саламатты Қазақстан” әлеуметтік жобасы аясында өткен “Children Paralympic Games – 2025” инклюзивті спорт фестивалі жеңімпаздарын салтантты марапаттау рәсімі өтті.

— Жоба аясында еліміздің 21 қаласы мен елді мекенінде инклюзивті және бейімделген спорт секциялары құрылды. Бұл тек спорт емес — бұл теңдікке, қолдауға және өзара құрметке бастайтын қозғалыс. Мұндай шаралардың мақсаты — үздік спортшыларды анықтап қана қоймай, қоғам назарын инклюзия мәселелеріне аудару. Бүгінгі қатысушылар — жай ғана спортшылар емес, олар — ерік-жігердің, табандылықтың және шабыттың символы, — деді стратегиялық даму және халықаралық байланыстар жөніндегі проректоры Ирина Ровнякова.

Қатысушылар бочча, жүзу спорт түрлерінен үздік нәтиже көрсетіп жеңістің тұғырынан көрінді. Жеңімпаздарға диплом, медаль және кубок табысталды.

Жоба аясында жас спортшыларға жаңа мүмкіндіктер ұсынылады. Бұл бастама әр баланың жеке әлеуетін дамытуға, қоғамға бейімделуіне және толыққанды өмір сүруіне жағдай жасайды. “Шекарасыз спорт” ұраны аясында ұйымдастырылған шаралар — мүмкіндігі шектеулі балаларға арналған тең мүмкіндік алаңы. Бұл — баршаға арналған орта, баршаға ашық спорт кеңістігі.