19 мая 2025
ШҚУ-ДА БАҒДАРЛАМАЛЫҚ АККРЕДИТТЕУДІҢ БІРІНШІ КЕЗЕҢІ БАСТАЛДЫ
Университетте білім
беру бағдарламаларының сапасын бағалаудың бірінші кезеңі басталды. Бұл бағалау
ҚР Білім сапасын қамтамасыздандыру бойынша тәуелсіз агенттігі тарапынан
жүргізіліп жатқан бағдарламалық аккредиттеу аясында жүзеге асуда. Аккредиттеу
бакалавриат пен магистратураның кең ауқымды бағдарламаларын қамтиды және жоғары
білікті мамандар даярлауға бағытталған.
Аккредиттеуден
өтетін білім беру бағдарламалары:
·
6В01602 Тарих және қоғамтану (IP)
·
7М02203 Дінтану-философия
·
6B03102 Саясаттану және халықаралық қатынастар
·
6B01202 Мектепке дейінгі білім беру (IP)
·
6B01302 Бастауышта оқыту педагогикасы мен әдістемесі (IP)
·
6В01709 Орыс тілі мен әдебиеті (орыс және орыс емес тілде
оқытатын мектептер үшін) (IP)
·
6В01708 Қазақ тілі мен әдебиеті (қазақ тілінде оқытпайтын
мектептер үшін) (IP)
·
6В01706 Ағылшын тілі (IP)
·
6В01707 Шет тілдері (IP)
·
6В01903 Ерте қолдау педагогикасы (IP)
·
6В01904 Эргопедагогика (IP)
·
6B01902 Арнайы педагогика (IP)
·
7М01902 Арнайы педагогика
·
6B01102 Психология (IP)
·
6B01517 География (IP)
·
6B01518 Физика (IP)
·
6В01514 Информатика (IP)
·
6В01515 Химия (IP)
·
6В01516 Биология (IP)
·
7М01501 Информатика (Алтай мемлекеттік университетімен қос
дипломды білім беру бағдарламасы)
Бағдарламалық
аккредиттеудің мақсаты – білім беру бағдарламаларының заманауи білім беру
стандарттарына және еңбек нарығының талаптарына сәйкестігін растау, сонымен
қатар университеттің ішкі сапа жүйесін дамыту.
Аккредиттеуден
сәтті өту – университет түлектерінің даярлық сапасын жоғары деңгейде екенін
дәлелдейтін және еліміздің білім беру кеңістігінде университеттің беделін
арттыратын маңызды қадам болмақ.