19 мая 2025


ШҚУ СТУДЕНТІ РЕСПУБЛИКАЛЫҚ БАЙҚАУДА ЖЕҢІСКЕ ЖЕТТІ

Семей қаласында көрнекті жазушы, тарихшы, этнограф, фольклортанушы Зейнолла Сәніктің 90 жылдық мерейтойына арналған «Сөз ғұмыр» республикалық байқауы өтті. Ауқымды білім бәйгесінде С.Аманжолов атындағы Шығыс Қазақстан университетінің «Қазақ тілі мен әдебиеті» білім беру бағдарламасының 4-курс студенті Бекарыс Секенов жүлделі I-орынға ие болды.

Сондай-ақ, осы білім беру бағдарламасының 1-курс студенті Алпамыс Нұрболат Алғыс хатпен және бағалы сыйлықпен марапатталды.

Республикалық деңгейдегі бұл байқауға еліміздің 12 жоғары оқу орнынан студенттер қатысып, үш кезең бойынша бақ сынасты. Сайыс талаптары – өз шығармашылығынан өлең оқу, көркем сөз оқу және эссе жазу болды.

ШҚУ студенттерінің бұл жетістігі – университетте ұлттық әдебиет пен тілге деген қызығушылықтың жоғары деңгейде екенін көрсетіп, болашақ мамандардың жан-жақты дайындықпен ерекшеленетінін дәлелдеді.