20 мая 2025


МАЛАЙЗИЯМЕН СЕРІКТЕСТІК: AMANZHOLOV UNIVERSITY ҮШІН ЖАҢА ТЕХНОЛОГИЯЛЫҚ МҮМКІНДІКТЕР

Сәрсен Аманжолов атындағы Шығыс Қазақстан университетіне іс сапармен Малайзияның Султан Идрис Білім Университетінен (UPSI) бір топ ғалымдары келді.

Басты мақсат — ғылыми ынтымақтастықты дамытуға, академиялық мобильдікті арттыруға және бірлескен зерттеу жобаларын бастау. Сапар аясында малайзиялық ғалымдар Amanzholov University ректоры Мұхтар Төлегенмен кездесті.

– Біз осындай жоғары білікті мамандарды университетімізде қарсы алғанымызға қуаныштымыз. Материалтану және математикалық модельдеу саласындағы бірлескен жұмыс біздің университеттің мүмкіндіктерін кеңейтеді және халықаралық ғылыми байланыстарды нығайтады. Біз екі жақты бағдарламаларды дамытуға, соның ішінде бірлескен жарияланымдар мен жобаларға, сондай-ақ оқытушылар мен студенттердің академиялық мобильдігін арттыруға ниеттіміз, – деді ректор.

Қауымдастырылған профессор Шазлин Миллеане бинти Шахарудин және доктор Сумайя Аими бинти Мохд Наджиб магистранттар мен докторанттар үшін дәрістер мен семинарлар өткізуде. Олардың тақырыбы — атмосфералық процестерді болжауда машинамен оқыту әдістері және гидроклиматтық құбылыстарды математикалық модельдеу. PhD докторы Мұхаммад Нуразлан бин Абд Азистің қызметі ерекше назар аудартады, ол Amanzholov University ғалымдарымен бірлесіп «Беттік инженерия және трибология» ғылыми-зерттеу орталығында тәжірибелер жүргізуде. Ғалым ауыл шаруашылығы қалдығы — күріш қабығынан диоксид кремнийін (SiO₂) экологиялық таза әдіспен алуды ұсынады. Бұл әдіс ауыл шаруашылығы қалдықтарын өңдеуге көмектесіп қана қоймай, кремний диоксидінің дәстүрлі синтез әдістеріне тұрақты баламаны ұсынады.

Малайзиялық ғалымдар Amanzholov University зертханаларының жабдықталу деңгейін жоғары бағалады, инфрақұрылымның заманауи ғылыми талаптарға сай екенін атап өтті. Жақын арада тараптар бірлескен ғылыми жобаларды бастау және халықаралық серіктестікті кеңейту туралы келісімге қол қояды деп жоспарлануда.