20 мая 2025


Қазақстан Республикасының Президентімен бекітілген шәкіртақыға конкурс

Қазақстан Республикасының Білім және ғылым министрлігінің 16.05.2025ж. «Қазақстан Республикасы Президентінің 2025 жылға арналған стипендиясын жоғары және (немесе) жоғары оқу орнынан кейінгі білім беру ұйымдары арасында бөлу туралы» №250 бұйрығы негізінде «С.Аманжолов атындағы Шығыс Қазақстан университеті» коммерциялық емес акционерлік қоғамына студенттерге 41 шәкіртақы бөлінді.

Конкурсқа күндізгі оқу бөлімінің ақылы және бюджет негізінде оқитын, оқу үлгерімі «өте жақсы» (А,А-) 3-4 курс студенттері қатыса алады.

Конкурсқа қатысу үшін үміткерлерге өз жоғары мектептеріне барып, келесі құжаттарды тапсыру қажет:

  1. Жоғары мектеп деканының конкурсқа қатысу үшін ұсынысы (мінездеме);
  2. Транскрипт (үлгерімі тек «өте жақсы» (А, А-) болуы тиіс);
  3. халықаралық, республикалық олимпиадаларға, конкурстарға (шығармашылық, спорттық) қатысқан мадақтама грамотталарының копиясы;
  4. ғылыми жұмыстарының жинақтағы публикациясы (мақалаларының копиясы);
  5. диплом, грамота, сертификат, куәлік копиялары:

— ғылыми-зерттеушілік жұмыста белсене қатысқаны үшін;

— университеттің спорттық және мәдени, қоғамдық өміріне белсене ат салысқаны үшін.

 

Стипендия бір академиялық кезеңге қарастырылған – 01.01.2025 жылдан 30.06.2025 жылға дейін.

Тең жағдайларда басымдыққа ие:

  • жетім балалар және ата – анасының қамқорынсыз қалған балалар;
  • кішкентай кезінен мүгедек және мүгедек балалар;

Құжаттарды қабылдау 2025 жылдың 21 мамыр сағат 17.00-ге дейін іске асырылады.