22 мая 2025


БОЛАШАҚ ДЕФЕКТОЛОГТАР ТӘЖІРИБЕЛІ МАМАНМЕН КЕЗДЕСТІ

Дефектология білім беру бағдарламасының 3 курс студенттері облыстық мәслихат депутаты және «АқНиет мектеп-интернаты» мекемесінің директоры Светлана Каримуллаевна Кривицкаямен кездесу өткізді.

Кездесуде Қазақстан Республикасындағы инклюзивті және арнайы білім беру проблемалары, арнайы педагог кадрлерін даярлау мәселелері, арнайы білім беру педагогінің кәсіби қызметінің ерекшеліктері талқыланды. Кездесу қорытындысы бойынша білім алушылар “қол-қимылы арқылы сөйлеу және дактильді ым-ишара тілі” оқу пәнінің аясында зерттеу үйірмесіне қатысуға ниет білдірді.