22 мая 2025


ШҚУ ОҚЫТУШЫЛАРЫ ЕРЕКШЕ БАЛАЛАРҒА АРНАЛҒАН БАЙҚАУДА ҚАЗЫЛАР АЛҚАСЫНЫҢ ҚҰРАМЫНДА БОЛДЫ

С. Аманжолов атындағы Шығыс Қазақстан университетінің психология және коррекциялық педагогика кафедрасының оқытушылары Кукина Ю.Е. мен Канапиянова Қ.Д. ерекше білім беру қажеттіліктері бар балаларға арналған «Біздің таланттар» республикалық музыкалық-шығармашылық байқауының облыстық кезеңінде қазылар алқасының мүшелері ретінде қатысты.

Байқаудың басты мақсаты – ерекше білім беру қажеттіліктері бар балалардың әлеуметтенуіне және шығармашылық қабілеттерін дамытуына қолайлы жағдай жасау.

Шығыс Қазақстан облысының аудандарындағы психологиялық-педагогикалық түзету кабинеттері мен оңалту орталықтарына баратын балалар өз өнерлерін ортаға салды. Байқау вокал, би, музыка және көркемсөз оқу номинациялары бойынша өтті.