23 мая 2025
AMANZHOLOV UNIVERSITY ЛИЦЕЙ ТҮЛЕГІНЕ ТӨРТ ЖЫЛДЫҚ БІЛІМ ГРАНТЫН ТАБЫСТАДЫ
Өскемен қаласындағы Оралхан Бөкей атындағы №44 лицейдің биылғы түлегі Әсем Рыспаеваға Amanzholov University төрт жылдық білім грантын табыс етті. Әсем пәндік олимпиадада жоғары білім деңгейі мен өзіне деген сенімділігін дәлелдеп, жеңіске жетті.
— Бұл грант – Әсемнің табандылығының, білімге құштарлығының жемісі. Әсемді жеңісімен шын жүректен құттықтаймын. Барлық түлектерге алдағы ұлттық бірыңғай тестілеуде сәттілік тілеймін, – деді стратегиялық даму және халықаралық қатынастар жөніндегі проректор Ирина Владимировна.
Айта кетейік, С. Аманжолов атындағы Шығыс Қазақстан университеті жыл сайын пәндік олимпиада ұйымдастырып, өз пәнінде үздік нәтиже көрсеткен оқушыларға төрт жылдық білім грантын табыстап, білімді жастарды ынталандыруға ерекше көңіл бөледі.