23 мая 2025
AMANZHOLOV UNIVERSITY СТУДЕНТТЕРІ МИНИСТРЛІК АЛҒЫС ХАТЫМЕН МАРАПАТТАЛДЫ
Семейдегі Шәкәрім университетінде «Абайдың толық адам ілімі: ұлттық құндылықтар мен заманауи көзқарас» атты республикалық форумы ұйымдастырылды. Форумда Абай Құнанбайұлының рухани мұрасын жаңа қырынан танып-білу, оны қазіргі заманмен ұштастыру, ұлттық құндылықтарды дәріптеу мәселелері кеңінен талқыланды.
Форумда Сәрсен Аманжолов атындағы Шығыс Қазақстан университетінің атынан ЖОО-ның Жастар ісі жөніндегі комитеттің төрағасы, «Қазақ тілі мен әдебиеті» білім беру бағдарламасының 4 курс білім алушысы Серікбай Дінмұхаммед Бағдатұлы және Студенттік парламент төрағасы, «Қазақ тілі мен әдебиеті» білім беру бағдарламасының 4 курс білім алушысы Утжанов Бекзат Бақытжанұлы жастар арасындағы көшбасшылықтары мен белсенді қоғамдық қызметтері үшін Қазақстан Республикасының Ғылым және жоғары білім министрінің Алғыс хатымен марапатталды.