26 мая 2025


ШҚУ-ДА ӘЛЕУМЕТТІК ҚЫЗМЕТКЕРЛЕРГЕ АРНАЛҒАН БІЛІКТІЛІКТІ АРТТЫРУ КУРСТАРЫ БАСТАЛДЫ

Сәрсен Аманжолов атындағы Шығыс Қазақстан университетінде Риддер қаласы әкімдігінің «Аумақтық халыққа әлеуметтік қызмет көрсету орталығы» мекемесінің қызметкерлеріне келесі білім беру бағдарламалары бойынша біліктілікті арттыру курстары басталды:

  1. «Қарттармен, мүгедек балалармен және олардың отбасыларымен әлеуметтік жұмыс теориясы мен технологиялары»;
  2. «Мүгедек балалармен, психоневрологиялық аурулары бар 18 жастан асқан мүгедектермен және олардың отбасыларымен әлеуметтік жұмыс теориясы мен технологиялары».

Курстың мақсаты – мүгедек балалармен және психоневрологиялық аурулары бар 18 жастан асқан мүгедектермен жұмыс істейтін әлеуметтік қызметкерлердің кәсіби құзыреттілігін арттыру.

Курсты педагогика ғылымдарының кандидаты, педагогикалық білім және менеджмент кафедрасының қауымдастырылған профессоры Губайдуллина Гаян Нұрахметқызы жүргізеді.