27 мая 2025


«ТАЗА ҚАЗАҚСТАН» ЖАЛПЫҰЛТТЫҚ БАСТАМАСЫ АЯСЫНДА 80 ТҮП ШЫРША ОТЫРҒЫЗЫЛДЫ

«Таза Қазақстан» жалпыұлттық бастамасы аясында С.Аманжолов атындағы Шығыс Қазақстан университетінің аумағында ауқымды көгалдандыру шарасы өтті. Іс-шара барысында университеттің оқу корпусы маңына Сібір шыршасының 80 түбі отырғызылды. Бұл шыршалар табиғаты көркем Верх-Уба ауылынан әкелінді.

Шараға университеттің Басқарма төрағасы – ректоры Мұхтар Төлеген арнайы қатысып, студент жастармен бірге ағаш отырғызу жұмыстарына белсенді түрде атсалысты. Ол табиғатты қорғау мен жасыл желек алаңын көбейтудің маңыздылығын атап өтіп, белсенділік танытқан студенттерге алғысын білдірді.

Бұл бастама экологиялық мәдениетті қалыптастыруға және университет аумағын абаттандыруға бағытталған маңызды қадамдардың бірі болды.